27 желтоқсан 2017 14:35

Панфилов дивизиясының ерлігін зерттеуге Tengrinews.kz жариялаған байқаудың жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Панфиловшылар" жобасының парақшасынан жасалған скриншот "Панфиловшылар" жобасының парақшасынан жасалған скриншот

Tengrinews.kz порталымен ұйымдастырылған Панфилов дивизиясының ерлігіне арналған үздік зерттеуді анықтауға бағытталған байқау аяқталды. 


Tengrinews.kz порталымен ұйымдастырылған Панфилов дивизиясының ерлігіне арналған үздік зерттеуді анықтауға бағытталған байқау аяқталды. 

Құрамына Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының мамандары кірген әділқазылар видео және мәтіндік жұмыстарды бөлек қарады. Осыған байланысты алты жүлделі орын анықталды. 

Видео жұмыстар

1-орын

Елена Ковардакова "Генерал Панфилов" және "Панфиловшылар" атты деректі фильм топтамасымен, Алматы, "Путь к победе" әскери-патриоттық портал.

2-орын

Рүстем Қайдаров "Панфиловцы в битве за Москву" атты деректі фильмімен, Алматы, "Совет генералов" РҚБ.

3-орын

Әлібек Бегалинов "Слава Победителям!" атты деректі фильмімен, Алматы, Solomon Media.

Мәтіндік жұмыстар

1-орын

Руслан Әбубакіров "Наше дело правое" зерттеуімен, Алматы.

2-орын

Виталий Кожокар "Поиск останков бойцов-панфиловцев, а также увековечивание их памяти на воинском мемориале в городах Волоколамск и Старая Русса" еңбегімен, Павлодар, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқытушысы. 

3-орын

Хамит Әбішев "Неизвестный резерв генерала Панфилова. Вырванные страницы истории" зерттеуімен, Астана.

Жалпы "Панфиловшылар" байқауына 21 еңбек қатысқан. Олардың қатарында зерттеулер мен видеолар ғана емес Волоколам тасжолында фашистерге қарсы тұрған даңқты дивизияны мадақтайтын жырлар да бар. Tengrinews.kz оқырмандары дивизияның шайқасқан орындарында болды, отбасылық мұрағаттардан сарбаздардың бұрын жарияланбаған суреттері мен хаттарын тапты. Зерттеу Панфилов дивизиясының бүге-шүгесіне дейін қарастырған: қалыптасуы, құрамы, мерт болғандар мен тірі қалғандардың ары қарайғы тағдыры. Ұйымдастырушылар арасында оқушылар да бар байқау қатысушыларының ешбірін назарсыз қалдырмады. Кәсіпкер Тимур Берғалиев және Tengrinews.kz ("Effective Media Liaison" ЖШС) демеушілік етіп тағайындаған 3 миллион теңге жүлде қоры барлық қатысушылар арасында бөлінді: 1 орын - әрқайсысына 600 мың теңге, 2 орын - 400 мың теңге, 3 орын - 250 мың және өзге қатысушылар ынталандыру сыйы ретінде 30 мың теңгеден алады.

Үздік зерттеу байқауын Tengrinews.kz  2016 жылдың мамырында жариялаған болатын. "Панфиловшылар" жобасының мақсаты - Волоколам тасжолында ерлік көрсеткен панфиловшылардың тарихын бұрмалауға, қаралауға жол бермеу, сондай-ақ, бұрын қолжетімсіз болған деректерді жалпылы ету. Бұл жобаға кез келген адам қатыса алды. Қазылар алқасы құрамында -  Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағат директоры Д.С. Мұқатаев, "Алаш Медиа Групп" медиахолдингінің басшысы Б.К. Қазыбаев, "Effective Media Liaison" ЖШС (Tengrinews.kz) директоры С.Б. Қарабалин, кәсіпкер Бреғалиев Тимур. Барлық жұмыстарды мына жерден көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети