Пантеонға ақша жоқ - ҚР ұлттық экономика министрі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ortcom.kz © ortcom.kz

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ұлттық пантеонның құрылысына қаражат қарастырылмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ұлттық пантеонның құрылысына қаражат қарастырылмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пантеонға ақша жоқ. Бұл мақсаттарға ешқандай ақша қарастырылмаған. Биыл бюджетте құрылысқа ақша қарастырылмағанын айта аламын. Келесі жылға да қарастырылмаған", - деді ол Астанада Шетелдік инвесторлардың Кеңесінің отырысындағы үзілісте. 

Еске салайық, осыған дейін 2016 жылдың соңына дейін Астана қаласының шекарасы 9 мың гектарға кеңейтілетіні хабарланған еді. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында халықаралық әуежайды кеңейту қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай қала әкімдігі іргені кеңейтуге 3340 гектар жер бөлді. Қазір онда үлкен әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, шаһарды одан сайын үлкейту мақсатында тағы 7300 гектар бөлінді. Майбалық көліне дейін. Ол жер тұрғындар демалатын орын болмақ.

Осыған дейін елорда әкімдігіне сілтеме жасаған БАҚ-тар Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің құны 79 миллиард теңге делінген мәлімет тараған болатын. Кейін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікірінде пантеон салуға жұмсалатын қаражат жайлы айтуға ерте екенін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer