Парақорлар көбіне әкімдік пен полицияда қызмет етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парақорлар көбіне әкімдік пен полицияда қызмет етеді © insidernews.info

Сыбайлас жемқорлық деректері көбіне әкімдіктің әр түрлі деңгейінен, ішкі істер органы қызметкерлерінен және Мемлекеттік кірістер комитетінен шығады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бердалиннің айтуынша, 2018 жылы жасалған қылмыстардың 73 пайызы (1726) сыбайлас жемқорлық екен. Жартысынан көбі парақорлық - 979, үштен бір бөлігі жымқыру - 506. 

"Жемқорлық бойынша 1126 тұлға жауапкершілікке тартылған. Оның жиырмасы республикалық деңгейдегі басшылар, 75-і облыстық деңгейдегі, 128-і қалалық және аудандық деңгейде. Көбіне жемқорлық деректері әкімдіктің әр түрлі деңгейінен анықталады - 213, ішкі істер органдары - 176 және Мемлекеттік кірістер комитеті - 43", - деді Бердалин. 

Оның айтуынша, құрылыс, білім, ауыл шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастары саласының қызметкерлері де осы қылмысқа жақын екен. 

"Жыл басынан бері 35 әкім мен оның орынбасарлары жауапкершілікке тартылды, оның 1-і облыстық, 6-ы аудандық, 5-і қалалық, 23-і ауылдық деңгейде. Сонымен қатар, парақорлық дерегі бойынша Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында 3 судья жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - дейді Бердалин. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +19
Ақтау +25
Ақтөбе +25
Атырау +25
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +17
С
Семей +24
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +15
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер