Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот алдына келген "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ департаментінің бұрынғы директоры Бауыржан Айтымбетов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот алдына келген "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ департаментінің бұрынғы директоры Бауыржан Айтымбетов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуандық Бишімбаев және тағы 22 адамға қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Бүгін сот отырысы барысында осы істегі фигурант Бауыржан Айтымбетов мәлімдеме жасады.
"Әркім өз кінәсінің деңгейі бойынша ақиқатты айтуы керек, бұл арқылы жағдайдың қалай болғаны анықталар еді. Мені "пара беруге мәжбүр болды" деп, мұнымен қоса, мені "пара беруге мәжбүрледі" деп айтып жатыр. Мұның барлығы сандырақ. Бұл мен "Иә, мен пара алуға мәжбүр болдым, себебі олар маған пара әкеліп тұрды" дегенім сияқты болады ғой", - деді "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ департаментінің бұрынғы директоры Бауыржан Айтымбетов.
Осыған дейін сот тыңдалымында прокурорлар соттан Айтымбетовті 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Бауыржан Айтымбетовтың өзі сотта кінәсін мойындады.
"Адам әр істе соңына дейін шындықты айтуы керек. "Мен мәжбүр болдым" деудің орнына шындықты айту керек. Бұл барлығына қатысты. Алынған параның барлығы қайта қалпына келтірілді. Мен алған параның барлығы толықтай тәркіленді. Иә, мен пара алдым, пара бердім, мен - жемқормын. Міне, осы шындық", - деп мәлімдеді Бауыржан Айтымбетов.
Сондай-ақ, бүгін, сот отырысы барысында Қуандық Бишімбаевтің анасы да мәлімдеме жасаған еді.
"Судья мырза, ана ретінде ғана емес, Қазақстан азаматы ретінде де айтқым келетіні, барынша обьектив болуды сұраймын. Бұлай сіз жалғыз ұлымның ғана емес, бүкіл отбасының, ең бастысы кәмелетке толмаған төрт баланың тағдырын шешесіз. Қуандық Бишімбаевтың анасы ретінде ұлымның бұл қылмысты жасамағанын мәлімдеймін. Сотты менің ұлымды ақтауын өтінемін", - дейді Альмира Нұрлыбекова.
Осыған дейін Бишімбаев 2 миллион доллар пара алды деген айыптауға жауап берген болатын.
2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.
Қазақстанда жазасы жеңілдетілген экс-шенеуніктер