20 ақпан 2018 14:05

Бишімбаев 2 миллион доллар пара алды деген айыптауға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтан сотта өтіп жатқан сөзжарыс аясында жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-министр Қуандық Бишімбаевтан сотта өтіп жатқан сөзжарыс аясында жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы министр Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы ісіндегі эпизодта 2 миллион доллар пара алды деген айыптауға қатысты пікір білдірді. 

Тергеу нұсқасы бойынша, Қуандық Бишімбаев өндірістік нысанды салуы керек болған "Шымкентхиммонтаж" ЖШС компаниясымен келісімшарт жасасу үшін 2 миллион доллар алған. Осы компанияның басшысы Жақсылық Исабек сот алдында "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді немесе жаратты" деген бап бойынша айыптау бойынша жауап беріп жатыр. 

"Пара алу бойынша айыптаудың маған қарсы екенін айтқым келеді. Бұл айыптау Исабектің, Айталиевтің, Бекжановтың куәлігіне негізделген. Тергеу кезеңі бойында менен де, жұбайымнан да, тіпті басқа біреуден де бұл пара табылмады. Айыптаушы 2015 жылдың 22 сәуірінде мейрамханада Тоқтаровпен, Айталиевпен және Исабековпен кездесуімде пара алуға келісім жасалды деп есептейді. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ, Қуандық Бишімбаев 12 жылға барынша қауіпсіздендірілген мекемеде өтеуге 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза сұрауына қатысты пікір білдірді.

"Әрине, айыптаушылардың сұрап отырған жазасы мені абдыратып тастады. Еш келісе алмаймын. Менің ұстанымым бір ғана ойға негізделген - мен жасамаған қылмысты жасадым деп айта алмаймын. Бүгін (19 ақпан) келтірілген дәлелдер мен жалпы сот отырыстарында айтылғандар сотталушылар мойындап отырған қылмысқа менің қатысымның бар екенін дәлелдемейді. Кінәні мойындаған жақсы. Бірақ мойындаумен қатар жала жабуға көшкені жаман", - деді Қуандық Бишімбаев.

Айта кетейік, Астанада экс-министр мен тағы 22 фигурантқа қатысты істің басты сот отырысы осымен төртінші айға жалғасып жатыр. Осы уақыт бойынша процесс қатысушылары барлық сотталушының, куәгердің, іс материалын зерттеп жатқандардың пікірін тыңдап, аудио және видеожазбалармен танысты. 

Ал биылғы қаңтарда Қуандық Бишімбаев сотқа берген куәлігінде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және істің қалай болғанын өз тарапынан айтып берген болатын. 25 қаңтарда прокурорлар жаңа айыптау актісін ұсынған. Бұдан кейін экс-министрге тағылған айыптарға тек бір пункт қосылып, ал жалпы өзгеріссіз қалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети