31 қазан 2019 12:30

Параның он пайызы жемқор туралы ақпарат берген қазақстандықтарға төленуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев парақорларды әшкерелеуге көмектескен азаматтарға сыйақы беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев парақорларды әшкерелеуге көмектескен азаматтарға сыйақы беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шпекбаев агенттік алқасында сыйақы берудің жаңа жолын түсіндірді. 

"Егер пара мөлшері  2,5 миллион теңге болатын болса, сол соманың 10 пайызын беру ұсынылады. Бірақ бұл сома 10 миллион теңгеден аспауы керек. Бұл бастаманы барлық меморгандар қолдады. Таяу уақытта үкіметте қажетті үкім шығарылатын болады", - деді Шпекбаев. 

Сондай-ақ, ол Integrity Check бағдарламасы арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бақылаушы құзырлы органдар қызметкерлерінің адалдығын тексеретіндерін айтты. 

"Бұл шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін анықтауға бағытталған алдын алу құралы. Оны агенттік, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жеке қауіпсіздік бөлімшелері ерекше іс жүргізу аясында құпия әдістермен және қатаң түрде соттың санкциясымен жүзеге асырады", - деді Шпекбаев.

Оның айтуынша, адалдық тексерісінен өтпеген, материалдық немесе өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісім білдірген адам қылмыстық қудалаусыз жұмыстан босатылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети