23 қыркүйек 2021 09:05

Пәтер мен жұмыс: Ақмола облысына Ауғанстаннан жеткізілгендерге қандай жағдай жасалды?

Ауғанстаннан келген төрт отбасы, жалпы 35 адам Ақмола облысына қоныстанды, - деп хабарлайды kokshe.


Ауғанстаннан келген төрт отбасы, жалпы 35 адам Ақмола облысына қоныстанды, - деп хабарлайды kokshe.

Бір отбасына Көкшетаудан үй берілген, қалғаны Бурабай, Сандықтау, Атбасар аудандарына орналасқан. Сондай-ақ Ауғанстаннан қоныстанғандарға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. 

"Үйде барлық жағдай жасалған. Жиһазы бар. Отандастарымызды тұрақты жұмысқа орналастырамыз. Балаларын қазақ мектебіне береміз", - дейді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Өмірзақ. 

Ал облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың сөзінше, Ауғанстаннан келгендерге "Еңбек" бағдарламасы аясында 70 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек беріледі. Бұл шамамен 204 мың теңге. Одан бөлек, бір жыл бойы ай сайын пәтер ақысы мен коммуналдық қызметтер үшін 15-30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек беріледі. 

Басылым мәліметінше, тәуелсіздік жылдары Ақмола облысына шамамен 9 мың қандас келген. Оның ішінде тек Ауғанстан емес, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытайдан келгендер бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети