Пәтерін сатып, несие алған: қарағандылықтар жалған мұраға сеніп қалды

Мейірман Лес
Мейірман Лес Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәтерін сатып, несие алған: қарағандылықтар жалған мұраға сеніп қалды Фото:depositphotos.com

Атырау облысының тұрғыны бірнеше қарағандылықты азаматтық некедегі әйелінің қомақты мұрасын рәсімдеуге ірі көлемде ақша салуға көндіріп, барлық процедура аяқталған соң қаражатты екі есе етіп қайтаруға уәде берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Атырау облысының тұрғыны бірнеше қарағандылықты азаматтық некедегі әйелінің қомақты мұрасын рәсімдеуге ірі көлемде ақша салуға көндіріп, барлық процедура аяқталған соң қаражатты екі есе етіп қайтаруға уәде берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сот кабинетіндегі" іс материалдарына сәйкес, алаяқтық схема құны шамамен миллион доллар болатын мұра туралы әңгімеге негізделген. Қазақстандық азамат таныстарын азаматтық некедегі әйелінің Ресейдегі ата-анасы қайтыс болғаннан кейін оған қомақты мұра қалатынына сендірген. Алайда құжаттарды рәсімдеу, адвокаттар мен нотариустардың қызметіне ақы төлеу және басқа да шығындар үшін шұғыл түрде 250 мың доллар жинау керек деп алдаған.

Бұл оқиғаға бірінші болып сотталушымен 2022 жылы танысқан Қарағанды тұрғыны сенген. Оның айтуынша, күдікті өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, бұған дейін салған ақшасын қайтарып беріп, сеніміне кірген.

Мұра туралы сөз болғанда, Қарағанды тұрғыны өзі де ақша салуды ұйғарады. 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың ақпанына дейін ол Атырау облысының тұрғынына 105 миллион теңге берген. Ол үшін жер телімдерін, ауыл шаруашылығы техникасын, мүлкін және пәтерін сатқан.

Кейінірек қарағандылық ер адам "тиімді жоба" туралы достарына айтып, олар да оған қатысуға шешім қабылдаған. Достарының бірі мұраны рәсімдеуге ақша салу үшін пәтерін сатқан. Сот мәліметінше, оны қаражат шұғыл қажет деген желеумен баспанасын нарықтық құнынан арзанға сатуға көндірген. Айырмашылықты кейінірек екі есе көлемде өтеуге уәде берген. Одан кейін ер адам бірнеше несие ресімдеп, кейінірек өзінің Range Rover көлігін кепілге қойған. Нәтижесінде оған келтірілген шығын 38,5 миллион теңгені құрады.

Тағы бір жәбірленуші уәде етілген пайда үшін бірден бірнеше банктен несие алған. Алынған ақшаны танысы арқылы схеманы ұйымдастырушыға берген. Кейінірек одан адвокаттардың қызметіне ақы төлеу үшін қосымша қаражат аударуды сұраған. Нәтижесінде ол 10 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды. Іс бойынша жалпы шығын 153 миллион теңгеден асты.

Қылмыстық іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Сотталушы жәбірленушілерден ақша алғанын жоққа шығармады, бірақ кінәсін мойындамады. Ол мұның алаяқтық емес, инвестициялық жоба болғанын алға тартты. Оның нұсқасы бойынша, қаражат азаматтық некедегі әйелі арқылы шетелдік қорға бағытталған, ал даудың өзі азаматтық-құқықтық сипатқа ие.

Алайда сот мұра туралы хикаяның ойдан шығарылған деген қорытындыға келді. Үкімде жәбірленушілердің тез әрі қомақты табыс табу туралы уәделермен алданғаны, ал ақшаның алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алынғаны көрсетілген.

Айта кетерлігі, адамдар миллиондаған соманы ешқандай қолхатсыз және келісімшартсыз берген. Соттың анықтауынша, олар өз бизнесі туралы айтып, салынған инвестицияны қысқа мерзімде қайтаратынына сендірген адамға толықтай сенген.

Қазыбек би аудандық соты сотталушыны бірнеше жәбірленушіге қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны алты жылға бас бостандығынан айырды..

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің пайдасына тиісінше 105 миллион, 38,5 миллион және 9,7 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 492.75   573.14   6.79 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +15
Атырау +17
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +26
П
Павлодар +25
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +26
Тараз +31
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер