03 наурыз 2019 15:38

Павлодар әкімдігі көпқабатты ғимараттың опырылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар әкімдігің өкілдері Желіде таралып жатқан көпқабатты ғимараттың опырылған видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар әкімдігің өкілдері Желіде таралып жатқан көпқабатты ғимараттың опырылған видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram желісінде жарияланды. Видеода қоршауға алынған аймақта көпқабатты үйдің бір кіреберісі опырылғаны түсірілген. Видео сыртында ер адамның сөйлеп жатқаны естіледі, ол болып жатқан жағдайды басқарып отырған сыңайлы. Осы кезде басын еңкейтіп әйел итімен және ер адам баласымен өтіп бара жатқан. Таралып жатқан видеода оқиғаның (жаңадан салынып жатқан Сарыарқа ықшамауданында) бұрынғы Алюминстрой ықшамауданында болғаны жазылған. 

"Бұл видеоның Павлодарға еш қатысы жоқ", - деді қалалық әкімдік өкілдері. Ведомство өкілдерінің пайымдауынша, бақылаумен ескі үйді сүру жұмыстары жүргізіліп жатқан секілді. 

"Бұрынғы Алюминстрой ықшамауданында сүрілетін ескі немесе қараусыз қалған көп қабатты тұрғын үйлер жоқ. Ықшамаудан екі қабатты үйлерден тұрады. Олардың орнында жаңа көпқабатты үйлер салынып жатыр. Олардың біразы сүрілген", - деді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

«Павлодар алюминстрой бывший, сейчас Сарыарка микрорайон новый». ⠀ Таким текстом сопровождается массовая рассылка в мессенджере WhatsApp среди павлодарцев. Если внимательно посмотреть на видео, то можно понять что окрестности дома несовпадают с нашими, к тому же видно как дом разваливает спецтехника которая тянет трос… Одним словом — это судя по всему фейк!

Публикация от UMIHELP | НОВОСТИ ПАВЛОДАРА (@umihelp)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети