22 қазан 2014 19:42

Павлодар фермерлері сотта Ауыл шаруашылығы министрлігінен жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Павлодар облысы фермерлері сотта Ауыл шаруашалығы министрлігінен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы фермерлері сотта Ауыл шаруашалығы министрлігінен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық сотының апелляциялық коллегиясы павлодарлық фермерлердің Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Павлодар облыстық аймақтық инспекциясына қатысты 140 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу талабын қабылдамады.  

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы инспекторы Қанат Айболдиновке қатысты қылмыстық іс оның өліміне байланысты тоқтатылғандығы арызды қабылдамаудың басты негіздемесі болды. Айболдинов "Қашыр нан қабылдау кәсіпорны" ЖШС шаруалары астығының бүлінгеніне қатысы болған. Қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы шенеуніктің шын мәнінде айыпты екеніне дәлел жоқ. Павлодарлық шаруалар соттың қорытындысымен келіспейтінін және сот шешіміне шағымданатынын жеткізді.

"Біз апелляциялық коллегия істің барлық жағдайын ескеріп, бірінші инстанция сотының шешімін қайта қарайтынына үміттендік. Біз дәл осы Айболдиновтің кінәсінен осындай жағдайға тап болдық. Өз астығымызды сақтауға өткізген "Қашыр нан қабылдау кәсіпорны" ЖШС-ның директоры Қанат Шәйкеновтың алаяқтық ісі Айболдиновке белгілі болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өз қызметкерінің әрекеті үшін жауап беруі тиіс деп есептейміз, және біз Жоғарғы сотқа дейін барып өз дегенімізге жетеміз", - деді павлодарлық фермерлердің өкілі Ермек Әбенов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің аймақтық инспекциясының бұрынғы қызметкері Қанат Айболдинов 2013 жылы айыптау қорытындысымен танысқан соң өз-өзіне қол жұмсаған еді. Айта кетейік, Павлодар облысының фермерлері моральдық нұқсан келтіргені үшін және 140 миллион теңге көлеміндегі жоғалған пайданы өндіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің үстінен сотқа арызданған. Фермерлер "Қашыр нан қабылдау кәсіпорны" нан қабылдау пунктінің басшылығы олардың астығын алдау жолымен қымқырып, мекеменің қоймаларында сақталған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамы астығының жетіспеушілігін соның орнымен толтырғысы келгенін мәлімдеді. Олар болған оқиғаны дер кезінде ескермеген мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі мен енжарлығының кесірінен осындай жағдайға тап болғанын айтады. 2009 жылы Павлодар облысы Железин және Қашыр аудандарының 14 фермері "Қашыр нан қабылдау кәсіпорны" ЖШС-на 13 мың тоннадан астам үшінші сортты бидайды сақтауға өткізген. 2010 жылдың көктемінде шаруалар кәсіпорын иесі бидайды қайтармай отырғанын мәлімдейді. Сосын, кәсіпорында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамының да астығы жоғалады. Бірақ кейін жетпей қалған астықтың орнын Павлодар облысының фермерлері 2009 жылы өткізген астықпен толтырылғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети