"Пвлодар мұнай өңдеу зауытында орын алған апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі ұзарды" деп хабарлайды tengrinews.kz Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының жетекшісі Гүлмира Жансейітованің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Пвлодар мұнай өңдеу зауытында орын алған апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі ұзарды" деп хабарлайды tengrinews.kz Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының жетекшісі Гүлмира Жансейітованің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Ашық түсті мұнай өнімдерін шығаратын апатты технологиялық пеш қайта жөнделуде. Бұған дейін зауыт басшылығы пештің 20 қарашаға дейін толықтай іске қосылатынын хабарлаған болатын. Алайда, пешті жөндеуге қажетті материалдардың 85 пайызы өзімізде болғанмен, 15 пайызы Қазақстанда шығарылмайды. Сондықтан сондай қажетті материалдарға Ресейдің Свердловскі облысындағы "УралКотлоМаш" зауытына тапсырыс бергенбіз. Ол зауыт тапсырысты 25 күнде дайындап береді. Осыған орай, қалпына келтіру жұмыстары кешігіп жатыр. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін ПМӨЗ толығымен іске қосылатын болады" дейді Жансейітова.
Оның сөзіне қарағанда, орын алған апат салдарынан зуаыттың мұнай өңдеу көлемі төмендеген. "Қазан айында зауыт 496 мың тонна, қараша айында 430 мың тонна өнім өндіруді жоспарлаған. Өнім көлемінің азаюы орын алған апатпен байланысты болып отыр. Десе де зауыт жылдық жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндікті қарастырады. Қазіргі таңда зауыт штаттық режимді жұмыс істеп тұр. Күніне 2 мың тонна бензин және 4,5 мың тонна дизелді отын өндірілуде" деп атап өтті облыс әкімдігінің өкілі.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың қазан айында ПМӨЗ-да апат орын алған болатын. КТ-1 технологиялық кешеннің бір пешінде өрт оқиғасы орын алған. Осыған орай кешеннің бір бөлігі жұмысын тоқтатқан. Зауыт басшылығының хабарлауына қарағанда, аталмыш кешен мазуттан қосымша мұнай өнімдері-жоғарғы октанды АИ-92-К2, АИ-95-К2 маркалы бензіин алуға мүмкіндік беріп отырған. Биылғы жылы зауыт қосымша өңдеу есебінен өнім көлемін 4,9 млн тоннадан 5,05 млн тоннаға арттыруды жоспарлаған.