08 маусым 2023 14:26

Павлодар облысы әкімінің сатылып кеткен резиденциясы мемлекетке қайтарылуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Павлодар облысы әкімінің резиденциясын жекеменшікке сату заңсыз деп танылды, енді мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы әкімінің резиденциясын жекеменшікке сату заңсыз деп танылды, енді мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Баянауыл курорттық аймағында орналасқан бұрынғы "Жанбақы-Арнасы" резиденциясын сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

Сотта бұрынғы әкім Болат Бақауовтың кезінде Жасыбай көлінің жағасындағы резиденция ғимараты жеке кәсіпорынға сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілгені, ал екі жылдан кейін сол ЖШС-ға 161 миллион теңгеге саттылғаны белгілі болды.

Жаңа қожайыны резиденцияны элиталық демалыс орталығына айналдырып, оның атауын Jasybai Resort деп өзгерткен және оның аумағында өз нысандарын салған.

Алайда табиғатты қорғау прокуратурасы 1600 шаршы метр болатын ғимаратты жекешелендіруге кеткен шығын төмендетіліп бағаланған деп санайды. Соның салдарынан биыл наурызда қаржы бөлімі бұрынғы резиденцияның қазіргі иелерінің үстінен сотқа шағым түсірді.

"Павлодар облысы қаржы басқармасының сатып алу-сату шарты, ЖШС жарғылық капиталына мүлікті қабылдау-тапсыру актісін жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылсын", - делінген сот құжатының қарар бөлігінде.

Сондай-ақ, сот қазіргі иесінен 4,8 миллион теңге мемлекеттік баж салығын өндірді. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети