28 қыркүйек 2020 09:31

Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, - деп хабарлайды Irbistv.kz.


Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, - деп хабарлайды Irbistv.kz.

Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде бастапқыда бір мектеп оқушысынан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болған адам қатарында екен. Санитар дәрігерлер оқушымен 44 адам байланыста болғанын хабарлады, нәтижесінде тағы үш оқушыдан COVID-19 анықталған. Бәрінде ауру симптомсыз өткен. 

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқанда шағымы жоқ, ауру симптомсыз өтіп жатыр. 16 қыркүйектен бастап ол мектепке баруын тоқтатқан, қазір үйдегі карантинде жатыр. Мектеп бойынша жедел тергеу басталды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мектепті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жасау жоспарланды. Ол әлі де жалғасып жатыр", - дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев. 

Алексеев мектебі белгісіз уақытқа жабылды. Шешім эпиджағдайға байланысты қабылданады. 

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер ауданда тағы бес баладан коронавирус анықталғанын хабарлады - үш жағдай павлодарлық мектептерде, біреуі Ақсуда және тағы біреуі ауданда. Бұл оқушылар қашықтан оқыған. 

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталған болатын. 

Қазақстанда кезекші сынып оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети