1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда кезекші сынып оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды23 қыркүйек 2020, 17:28

Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді", - деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық.

Онымен бірге 12 бала оқыды. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!