19 қараша 2023 14:22

Павлодар облысында қатты желден 40 ауыл жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар ТЖД баспасөз қызметі Павлодар ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысындағы дауыл салдарынан аймақтың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында ағаштар, бағдаршамдар, автобус аялдамалары құлап, шатырлар бұзылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта шатырдың бұзылуы бойынша барлығы 42 оқиға тіркелген.

"100 елді мекенде электр қуаты үзілсе, қазір 60-ында қалпына келтірілді. 40 елді мекен жарықсыз қалды. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мүмкіндігінше ауа райы жақсарғанша жолға шықпау керегін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети