10 ақпан 2021 13:03

Павлодар облысында мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған шенеунік қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуар Қантаев. Фото:gov.kz Әнуар Қантаев. Фото:gov.kz

Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Қантаев мас күйде көлік жүргізіп ұсталғаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Қантаев мас күйде көлік жүргізіп ұсталғаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтық Әдеп жөніндегі кеңесте Қантаевтың қызметтік тәртібі қаралып, жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды. Кеңес қатысушылары мемлекеттік қызметкер өз әрекеті арқылы Әдеп кодексін бұзды деп санайды.

"Шарбақты ауданы әкімінің 2021 жылғы 10 ақпандағы өкімімен Әнуар Қантаев қызметінен босатылды", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Әдеп кеңесі аудан әкімінің бұрынғы орынбасарының түсіндірмесін тыңдау барысында кедергілер туындаған. Алдымен ол техникалық себептерге байланысты Zoom қосымшасына қосыла алмайтынын айтқан, кейін бейнекамераның істемейтінін айтып мүлдем шығып кеткен. 

"Мемлекеттік қызметкер екеніне қарамастан, ол қоғамға, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Мұндай заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметкерге орын жоқ", - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов.

Айта кетейік, Nissan Patrol көлігінің тізгініндегі 39 жастағы мемлекеттік қызметкер мас күйінде Павлодарда ұсталған еді. Кантаев 15 күнге қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сот отырысында шенеунік кінәсін мойындамай, бір күн бұрын сыра мен алкоголь қосындысы бар дәрі ішкенін айтты. Алайда сот бұл дәлелдерді қабылдамады. Ұсталғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары денсаулық жағдайына байланысты демалыс алған, ол ұсталған кезде полицейлерге ешқайда жұмыс істемеймін деп жалған ақпарат берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети