02 қыркүйек 2014 22:43

Павлодар облысының әкімі қоластындағыларға нан бағасын көтермеуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының әкімі қоластындағыларға нан бағасын ұстап тұруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірде нан бағасының өсімін жыл аяғына дейін тежеу қажеттігі айтылды. 


Павлодар облысының әкімі қоластындағыларға нан бағасын ұстап тұруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өңірде нан бағасының өсімін жыл аяғына дейін тежеу қажеттігі айтылды. 

"Бас пайдасы үшін пайдаланып қалу болмауы тиіс, жыл соңына дейін шара қолданатын боламыз, осы жылы нан бағасында өзгеріс болмауы керек", - деді облыс әкімі Қ.Бозымбаев 2 қыркүйекте облыс әкімдігінде өткен кезекті кеңесте. 

Облыста шикізатты арзандатудың есебінен нан бағасының өсімі тежелетін болады. "Қазір біз наубайханаларға арзандатылған ұн беріп отырмыз. Егер Қазақстанда ұн бағасы көтерілетін болса, онда жергілікті бюджеттің есебінен жыл аяғына дейін нан бағасының өсімін тежейміз. Тек бұған бюджеттік кодекс рұқсат етпейді деп айтпаңыздар. Нан бағасын ұстап тұрудың түрлі жолдарын қарастырыңыздар", - деді Павлодар облысының әкімі. 

Еске сала кетейік, осы жылдың тамыз айында Павлодар нан-тоқаш комбинаты әлеуметтік нан бағасын бірден жеті теңгеге көтеріп жіберген болатын. Осының нәтижесінде қалыпты нан "Тау нан" Павлодар дүкендерінде 47 теңгеден 60 теңгеге көтерілген. Нан бағасы көтерілгеннен кейін келесі күні-ақ облыстық әкімдік "Павлодар нан-тоқаш комбинаты" кәсіпорны әлеуметтік нан бағасын көтеру себебін дәлелдей алмағынын хабарлады. Осының нәтижесінде кәсіпорын басшылығы нан бағасын қайта қалпында ұстауға мәжбүр болған. Бұл ретте "Павлодар нан-тоқаш комбинаты" ЖШС-нің қаржылық директоры Вячеслав Юдин кәсіпорын уақытша биліктің айтқанына көнгенін, 1 қазанға дейін бағаны ұстап тұру керектігін хабарлаған еді. Сондай-ақ ол осы жылдың мамыр айында кәсіпорын есебі тұтқынға алынғанын, жұмысшылардың айлығы мен зейнетақы аударымдары төленбей отырғанын жеткізді. "Шыны керек, қазір біз қиын жағдайда тұрмыз, несие берушілер есеп-шотымызды тұтқындаған, жұмысшылардың жалақысы мен зейнетақы аударымдары берілмей отыр. Екі айдан бері жалақы кешіктіріліп келеді. Осы жылдың ақпан айынан бері 238 адамды жұмыстан босаттық, 130 адам ғана қалды, қала тұрғындарын нанмен қамтамасыз ету үшін біз оларды әрең ұстап отырмыз", - деді "Павлодар нан-тоқаш комбинаты" ЖШС-нің бас директоры Виталий Сартаков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети