1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Павлодар облысының әкімі Скриптониттің мәлімдемесіне жауап берді 17 маусым 2021, 16:07

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов музыкант Скриптониттің жаңа зауыт құрылысы туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: vk.com/scriptonite, Валерий Бугаев Фото: vk.com/scriptonite, Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов музыкант Скриптониттің жаңа зауыт құрылысы туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодарда зауыттар салуды доғару керек", - деп жазды Скриптонит Instagram-парақшасында.

"Кальцийленген сода зауыты бойынша шешім 2019 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде (ӨҮК) қабылданған. Бұл инвестициялық жоба, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 73 миллиард теңге инвестиция. Үш рет тыңдау өткізілді. Егер экологиялық бағалау бөлігіндегі өзгерістер динамикасын қарайтын болсақ, онда айтарлықтай өзгерістер бар. Соңғы қоғамдық тыңдаулар белсенді түрде өтті", - деп жауап берді әкім.

Оның айтуынша, қазір техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) аяқтау процедурасы жүріп жатыр. Кейін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қажет.

"Менің ойымша, тағы бір рет, егер сұрақтар туындайтын болса, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушылар да, тапсырыс берушінің өзі де, техникалық-экономикалық негіздемені орындаушылар да экологтарға, тұрғындарға жобаның барлық артықшылығы мен кемшіліктерін жеткізуі керек. Сондықтан, оларға есеп беру бойынша бұйрық беремін", - деді әкім.

Тілші Сқаковтан сода зауытының қажеттігі туралы жеке пікірін сұрады.

"Ядролық қалдықтарды сақтау қоймасы бойынша: ол қойма Павлодар облысы аумағында емес. Мәселе бұрынғы Семей полигоны аймағындағы жерлерге байланысты қойма құру туралы болып отыр. Осы аймақтан 70 шақырым жердегі Ақжар ауылында қазір пайдаланылмай жатқан жүз мыңдаған гектар жер бар. Ұлттық ядролық орталыққа және осы жобаның тапсырыс берушісіне сәйкес бұл жерлерге экологиялық бағалау жүргізілді. Қазір алдын ала тыңдаулар мен кеңестер өтіп жатыр", - деп жауап берді ол.

Әкім өңірдегі жаңа технологиялардың атмосфераға келтіретін зияны өте аз болуы тиіс деп есептейді.

"Сода зауыты бойынша. Иә, инвестициялар мен технологиялар бойынша таңдау жасау қиын. Бізде Экологиялық кодекс шықты, ол бірнеше күннен кейін күшіне енеді. Экологиялық кодекстің негізгі мәселесі табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларға көшуінде. Сондықтан кеңес дәуірінен бері өндіріс технологиялық тұрғыдан ескіргені түсінікті. Біздің өңірдегі кәсіпорындар да атмосфераға зиянды азайту мақсатында 10 жыл ішінде технологияларын өзгертуі тиіс Топ-50-ге кірді. Сондықтан инвестициялар болуы керек. Бірақ таза, атмосфераға зиян келтірмейтін болуы тиіс. Менің көзқарасым осындай. Қойма бойынша: бұл мәселе біздің аймақ аумағында емес", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!