18 мамыр 2020 11:58

Павлодарда арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: omskgazzeta.ru Фото: omskgazzeta.ru

Павлодар қаласында әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар қаласында әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында интернетте алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғыны ұсталды.

"Олар интернетте (Колеса және OLX сайттары) автомобиль бөлшектерін арзан бағамен сататыны туралы жарнама жариялаған. Кейін тапсырысты қабылдап, тауардың толық сомасын банк картасына алдын ала төлеуді сұраған. Тауарды курьер арқылы жіберуге уәде беріп, ақшаны алған соң, іздерін суытып отырған. Яғни күдіктілер біраз уақыт курьердің нашар жұмысын сылтауратып, уақыт созады да, кейін телефонды толық өшіріп тастаған, - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда 10 адамның алаяқтарға алданғаны белгілі болды. Сәтсіз тауар сатып алу көлемі - 40-100 мың теңге аралығында. Күдіктілердің бірі Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полциия аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети