27 тамыз 2020 17:16

Павлодарда итті жол бойымен сүйреген жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарлық полицейлер итті жол бойымен сүйреген жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарлық полицейлер итті жол бойымен сүйреген жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицейлер Ломов-Ворушин көшелерінің қиылысында автокөлікпен итті сүйреген жүргізуші анықталды. Ол Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамға қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамның көлігі айыппұл тұрағына жеткізіліп, ит иесіне қайтарылғаны айтылады.

Павлодарлықтың айтуынша, сол күні ол қалада Өскемендегі танысын көріп қалған. Ол Павлодарға итімен жарысқа қатысуға келген екен. Сол себепті жаттығу алдында итпен серундеуді шештім дейді.

Еске салайық, мұның алдында Павлодарда итті жол бойымен сүйреген жүргізушінің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Итті сүйреген жүргізушінің видеосы Telegram желісінде жарияланды. Желі қолданушыларының көбі жүргізушінің бұл әрекетін нағыз қорлау екенін жазған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети