23 желтоқсан 2022 08:45

Павлодарда жасөспірім қыз сегізінші қабаттан құлап, комада жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім қыз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ға сілтеме жасап.


Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім қыз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ға сілтеме жасап.

"22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына "қыз биіктен құлады" деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н.Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу басталды", - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім комада жатыр.

"Зәбірленушіге ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты, бастағы қанталау, омыртқаның зақымдануы мен денесінің көптеген бөлігінде сынықтар бар деген диагноз қойылды. Қыз бала комада, ол екінші дәрежелі травматикалық шок алған", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети