Жедел жәрдем бригадасы биіктен құлаған балаға жету үшін шлагбаумды сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жедел жәрдем бригадасы биіктен құлаған балаға жету үшін шлагбаумды сындырды Бейнеден алынған кадрлар

Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы пациентке жете алмаған: көлік жолын шлагбаум бөгеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі news_pvl-ге сілтеме жасап. Видео Дағыстанда түсірілген болуы мүмкін.


Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы пациентке жете алмаған: көлік жолын шлагбаум бөгеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі news_pvl-ге сілтеме жасап. Видео Дағыстанда түсірілген болуы мүмкін.

Дәрігерлер тобы 9-қабаттан құлап кеткен балаға көмектесуге келген, алайда шлагбаумды ашатын пульті бар бірде-бір адам табылмаған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Новости Павлодара news_pvl (@news_pvl) жарияланымы

Баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажет болғандықтан, жедел жәрдем қызметкерлері шлагбаумды сындыруға мәжбүр болған.

Айта кетейік, Қазақстанда мұндай жағдай қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар Астанадағы "Көркем-3" тұрғын үй кешенінде үш баланың өмірін қиған өрт кезінде құтқарушылардың "20 минут бойы әрекетсіз отырғанын" сынаған болатын. Өртсөндірушілер автосаты мен автоцистернаның өтуіне кедергі келтірген көлікті 20 минут бойы соқпай, күтіп тұрған.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков жедел қызметтерге шақырту орнына баруға кедергі келтіретін көліктерді, шлагбаумдар мен басқа да нысандарды ысырып тастауға рұқсат беруді ұсынды. Ол тиісті сауалын премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдады.

Төтенше жағдайлар министрлігі көліктерді қасақана соғуға жол берілмейтінін мәлімдеп, өз ұстанымдарын негіздеді. Атап айтқанда, ведомство өкілдері өрт сөндіру кезінде заңды түрде әрекет еткен өрт сөндірушілер келтірілген шығынды өтеуден босатылатынын атап өтті. Бұл ретте ТЖМ өкілдері заңда азаматтардың көлігін соғуға мүмкіндік беретін тікелей норма қарастырылмағанын және Қазақстан Конституциясы бойынша жеке меншік мемлекеттік меншікпен тең дәрежеде танылатынын әрі қорғалатынын баса айтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.2   555.05   6.18 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер