01 наурыз 2023 15:51

Павлодарда көктемнің алғашқы күні тұрғындарға қиындық тудырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодарда көктемнің алғашқы күні қала тұрғындарына қиындық тудырды. Қарлы боран, жел, одан кейін жауған жаңбырдан жолдар көктайғаққа айналған. Ол қоғамдық көліктер қозғалысын қиындатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда көктемнің алғашқы күні қала тұрғындарына қиындық тудырды. Қарлы боран, жел, одан кейін жауған жаңбырдан жолдар көктайғаққа айналған. Ол қоғамдық көліктер қозғалысын қиындатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәліметінше, қазір Павлодарда көшелер мен жаяу жүргіншілер жолына көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Жұмысқа 20-дан аса арнайы техника мен 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Ауылдық жолдардағы жағдай бұдан да жаман екені айтылады. Қаладан шығар жолда бірнеше автобус жол жиегіне шығып кеткен.

Автобустар жол апатынан аман қалған. Павлодарлықтар Instagram желісінде ауа райының қолайсыздығы туралы фото және видеолар жүктеп жатыр.

"Жол әйнек сияқты, бірыңғай мұз, жүргізушінің кәсіби біліктілігі арқасында автобус аударылып қалмады", - деп жазды Павлодардан қала маңына қарай бет алған автобус жолаушыларының бірі.

Әйелдің айтуынша, автобус салонында адам көп болған.

1 наурызға қараған түні республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы жабылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, Екібастұз бағытындағы уақытша бақылау бекетіне 12 автобус, 120 жүк және жеңіл көліктер жиналып қалған, олардың ішінде 820-ға жуық адам бар, оның 70-і бала.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети