13 наурыз 2021 14:20

Павлодарда зейнеткер жүргізуші көп рет тәртіп бұзғандар қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Павлодарда 69 жастағы ер адам жыл басынан бері көлік жылдамдығын асырғаны үшін бірнеше рет камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн басылымына сілтеме жасап.


Павлодарда 69 жастағы ер адам жыл басынан бері көлік жылдамдығын асырғаны үшін бірнеше рет камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн басылымына сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Арыстан Дүйсембаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыста төрт мыңнан аса тәртіпбұзушылық анықталған, ол үшін өңір тұрғындарына жалпы сомасы 37 миллион теңгеге айыппұл салынды.

Жүргізушілер 3,5 мың рет жылдамдық асырған, 500-ге жуық адам жол белгілерін елемеген, облыстың тағы 142 тұрғыны бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кеткен. 

"Тәртіпбұзушылар арасында көшбасшылар да бар. Мысалы, жыл басынан бері 69 жастағы зейнеткер жылдамдық асырғаны үшін бірнеше рет тіркеу жүйесінің камераларына түсіп қалды. Былтыр оның көлігі тағы бірнеше рет камераларға тіркелген", - деп толықтырды полицей.

Полиция департаменті өкілі жүргізушілерден жолдарда жарыспауды сұрайды, өйткені олар апатқа себеп болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының жартысынан көбі автомобильдердің соқтығуынан немесе аударылуына болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети