Павлодардың жаңа әкімі тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ержан Имансләм Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ержан Имансләм Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 шілдеде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала активіне жаңа қала басшысын таныстырды.

Павлодар әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Ержан Имансләмов ҚР ИИДБ машина жасау басқармасын басқарған. 

Ержан Имансләм 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумын (техник-механик), 2007 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі) тәмамдады.

Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумды аяқтаған соң Ержан Имансләм Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлері қатарындағы қызметінен соң Павлодардағы "Энергожилстрой 1" құрылыс басқармасының монтажшысы болды.

1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Имансләм Качир ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды. Содан кейін жеке заң тәжірибесімен айналысты, ал 2005-2008 жылдар аралығында Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары Ержан Имансләм Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Имансләм Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.

Содан соң 2017 жылға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді. Онда индустриялық-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сонымен қатар Тайынша ауданының әкімі болды. Кейін, 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ), оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасының басшысы болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer