13 сәуір 2016 10:09

Павлодарға жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© obozrenie.kz © obozrenie.kz

Павлодарға жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарға жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардың жаңа әкімін қалалық мәслихаттың сессиясында облыс басшысы Болат Бақауов таныстырды. Сонымен, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әшімбетов қала әкімі қызметіне келді. Сессия алдында облыстық әкімдікте Әшімбетовтің кандидатурасы ұсынылған жиналыс болған еді.

Нұржан Әшімбаев 1969 жылы Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Черное ауылында дүниеге келген. Алматыдағы мал дәрігерлік және Алматы экономика және статистика институттарын зооинженер және бухгалтер-экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған. 

2008-2009 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған. 2009-2012 жылдар аралығында Петропавл қаласының әкімі болды. 2012 жылдың 1 ақпанына бастап Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы саласындағы орынбасары болып келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети