Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz EQE 500 4 matic автокөлігі сатылымға шығарылды. Бұл туралы ақпарат Sauda электронды сауда алаңында пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сол жағында зақымы бар 2023 жылғы ақ түсті Mercedes 26,2 миллион теңгеге бағаланды. Көлік Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті балансында болған.
Оны сатып алуға тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Президенттің, саяси мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Парламенті депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар өтінім бере алды.
Сауда-саттық бүгін таңғы сағат 10:00-де басталып, өтті деп танылды.
sauda.e-qazyna.kz/
Бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S 450 көлігі мемлекет меншігіне өткені хабарланған болатын. Көліктің бағалау құны шамамен 79,4 миллион теңге болған. Кейін бұл автокөлік Астана полициясына берілгені белгілі болды.
Астананың мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында сатылымға дейін мүлік міндетті түрде алдымен веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынылатынын түсіндірді. Егер осы кезеңде мүлік өтпесе ғана, ол басқа тәсілмен сатылуы мүмкін.
Неге Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді?
Қайраттан тағы не тәркіленді?
2025 жылдың қыркүйегінде Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік аукционға шығарылатынын хабарлаған.
Сөз Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше пәтер мен тұрақ орындары сияқты ірі активтер туралы болып отыр.
Қымбат көліктер де тәркіленді, оның ішінде 2024 жылғы Mercedes-Benz S450, , Lexus LX 600, , Mercedes-Benz EQE және және Haval H6 GT бар. Бұдан бөлек, гүл бизнесіндегі 100 пайыздық үлес, 97 миллион теңгеден астам қаражат және 22 мың доллар қолма-қол ақша мемлекетке өтті.
Тәркіленген заттар арасында бренд бұйымдар да бар: әлемге әйгілі маркалардың күннен қорғайтын көзілдіріктері, аяқ киімдері мен аксессуарлары.
Перизат Қайрат — "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қайырымдылық қорының бұрынғы басшысы, Қазақстанның жаңа тарихындағы ең атышулы қылмыстық істер бірінің фигуранты. Тергеу оның қайырымдылықты желеу етіп, су тасқынынан зардап шеккендерге, Палестина тұрғындарына және мүгедектігі бар балаларға көмектесуге арналған қаражатты жымқырғанын, сондай-ақ бұл ақшаның бір бөлігін заңдастырғанын анықтады. 2025 жылдың шілдесінде сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған табысты жылыстатқаны үшін кінәлі деп таныды. Перизат Қайрат мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.