06 маусым 2021 09:20

Петропавл атауы өзгере ме? СҚО әкімі жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

AstanaTV телеарнасындағы видео кадры AstanaTV телеарнасындағы видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы қауесетке қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы қауесетке қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Басылым мәліметінше, Ақсақалов AstanaTV телеарнасының "Из первых уст" бағдарламасында қойылған кейбір сұраққа тікелей жауап берген жоқ. Петропавл қаласының атауы өзгереді деген сұраққа да ол нақты жауап бере алмады.

"Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ, бұл кулуарда талқыланып жүр. Мен халықтың ұстанымын қолданамын. Көшелердің атын (әкім қала дегісі келген болар - Еск) бір адам өзгертпейді, оны қоғам шешеді", - деп түсіндірді әкім.

2018 жылы Құмар Ақсақалов Петропавл атауын өзгерту туралы басқаша пікір айтқан.

"Петропавл мен облыстың атауын өзгерту туралы әңгімелерді жиі естимін, кейбіреулер бұл туралы айтып жүр. Бірақ бүгінде атауды өзгерту жұмыстары жүрмейді, менің ойымша, бұл әлі ерте", - деген еді ол сол кезде.

Басылым мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлдағы көшелердің атаулары әлі күнге дейін депутаттар мен қоғам қайраткерлерінің кездесуінде өзгертіліп жатыр. Көбіне бұл шешімдер көптеген тұрғынның пікіріне қайшы келеді екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети