29 қыркүйек 2016 16:52

Петропавл орталығында билеген әйел көлік қозғалысын тоқтатып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Петропавл орталығында билеген әйел қозғалысты тоқтатып тастады. Таңғаларлық жайтты Петропавл жүргізушілері тамашалады. Әйел адам қаладағы ең көп көлік жүретін қиылыста биледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавл орталығында билеген әйел қозғалысты тоқтатып тастады. Таңғаларлық жайтты Петропавл жүргізушілері тамашалады. Әйел адам қаладағы ең көп көлік жүретін қиылыста биледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қызықты көруге біраз адам жиналды. Біреулер видеоға түсіріп жүрген. Басында әйел адам билеп, ән айтып жүрген. Содан кейін келе жатқан бір көлікті тоқтап алып, сол көліктің алдына шығып биін жалғастырған. Шоу полиция келгенге дейін жалғасты. Әйел олардан қашып кетпек болды. Онымен алдын алу әңгімесін құру үшін әзер дегенде ұстаған. 

"Азаматшаға қатысты бұрындары да қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдікке мас болған күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылған", - дейді СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта ол тек профилактикалық әңгімемен құтылды, полицейлер оны үйіне жеткізіп тастады.

Әйелдің биі түсірілген видео Желі қолданушыларын да шулатты. Ролик "ВКонтакте" желісінің "Типичный Петропавловск" тобында жарияланған.

Қолданушылардың бірі "Адамдар көңіл көтеруді біледі" - деп жазса, біреулері оның әрекетін бассыздық деп, жолдың бойында кетіп бара жатқан көліктің біреуі қағып кетуі мүмкін екенін жазған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети