05 қараша 2020 17:00

Петропавл тұрғындарына түнде үйден шықпауға кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алихан Сариев © Алихан Сариев

СҚО-ның Петропавл және Қызылжар ауданының тұрғындарына түнде аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерлерінен кетуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


СҚО-ның Петропавл және Қызылжар ауданының тұрғындарына түнде аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерлерінен кетуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавл және Қызылжар ауданында 9 қараша сағат 00:00-ден бастап карантин шектеулері күшейтіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.

"65 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ барлық тұрғынға 22:00-ден 6:00-ге дейін тұрғылықты жерлерінен аса қажеттіліксіз шықпау ұсынылады. Азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алу жағдайларын қоспағанда", - дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлова.

Облыстың басқа аудандарының тұрғындарына келетін болсақ, тек 65 жастан асқан адамдарға үйде отыру ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер 9 қарашадан бастап СҚО-дан ПТР анықтамасыз әуе және теміржол көлігімен шығуға тыйым салынатынын айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети