Кеше, 22 мамырда Батыс Қазақстан облысында да дауыл болды. Үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлап, Петропавл қаласында кран құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дауылдан 5 қабатты үйдің құрылысы алаңында сағат 20.30-да кран құлап кеткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, дауылдан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, көлік жуу орындарының және үш қабатты ғимараттың шатырлары бүлінген.
Мұнымен қоса, кеше болған дауылдан ағаштардың құлауы салдарынан бірнеше көліктің бүлінгені айтылады: Volkswagen-Golf-3, "Газ-31105" және Меrsedec-E210. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Ақмола облысындағы 4 елді мекенде де дауыл болған: Ақмол, Қосшы, Қараөткел және Қаражар. Мұнда да тұрғын үйлер мен мектептердің бірінің шатыры ұшып кеткен.
Еске сала кетейік, кеше Астанада дауыл болып, қаладағы бірнеше ғимарат бүлінген болатын. Қатты соққан желден құрылыс краны құлаған еді.
Кейінірек Астана әкімдігі қала тұрғындарын 23 мамырда дауылдың тағы қайталанатыны туралы ескертті.