1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада қатты соққан желден құрылыс краны құлады

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада қатты соққан желден құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кранның құлаған сәтінде түсірілген видеоны оқырмандар жолдады.

"Қазіргі уақытта мұнаралы кранның құлағаны нақты белгілі болды - кранды бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқан", - деді Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты бүлінген суреттер мен видеоларды жариялап жатыр. Қатты соққан желден ғимараттың терезелері шағылған. 

Айта кетейік, 22 мамырда Астананың солтүстік жағалауында жаңбыр жауып, дауыл тұрған еді.