22 мамыр 2018 15:35

Ескерту: Астанада дауыл қайталанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі қала тұрғындарын 23 мамырда дауылдың қайталанатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Астана әкімдігі қала тұрғындарын 23 мамырда дауылдың қайталанатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

23 мамырда Астана аумағында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 25 метрге дейін күшеюіне байланысты (нормадан екі есе асып отыр) дауыл туралы ескерту жасалды. 

"Күндіз жаңбыр, кей жерлерде жел күшейеді. Ауа райының қолайсыздығына байланыстиы ведомство мамандары тұрғындарды сақ болуға шақырады. Қатты жел кезінде үйдегі терезелердің бәрін нықтап жабу керек. Терезесі жоқ балкондардан сыртқа құлауы мүмкін барлық затты алып тастау қажет", - делінген хабарламада. 

Қатты жел кезінде далада болып қалсаңыз жарнама бағаналары мен өзге де конструкциялардан, электр желісі мен ағаштардан ары болу керек. Қайғылы оқиғадан сақтану үшін барынша сақ болу қажет. Сонымен қатар, үзілген сымдар мен сыңған ағаштарға да жолауға болмайды, өйткені олар құлауы мүмкін. 

Қатты жел кезінде ол басылғанша жақын маңдағы ғимаратқа (дүкен, кітапхана, кинотеатр, үйдің кіре берісі болуы мүмкін) немесе ық жерге тығылу қажет. 

Сонымен қатар, мамандар биік ағаштар, әсіресе теректер маңында жүрмеуге әне олардың астына көлік қоймауға шақырады. сонымен қатар, шіріген немесе жалғыз тұрған ағаштар да қауіпті. 

Астанада бүгін сағат 14.30-ға дейін 13 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети