03 наурыз 2023 09:21

Петропавлда мектепте оқушыларға балтамен шабуыл жасаған жасөспірімді ұстағандар марапатталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда мектепке балтамен келген оқушыны ұстап, басқаларды арашалаған жасөспірім марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Петропавлда мектепке балтамен келген оқушыны ұстап, басқаларды арашалаған жасөспірім марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, оқиға 13 ақпанда № 4 Петропавл мектебінде болған. 9-сынып оқушысы сабаққа балта мен маска алып келіп, оқушыларға шабуыл жасаған. Шабуылдан үш бала зардап шегіп, олардың екеуі жансақтау бөліміне түсті. Жақында олар ауруханадан шығарылды.

2 наурызда араша түскен жасөспірім мен оның ата-анасы "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының алғыс хатымен марапатталды. Мектепте оқиға барысында болған екі бала да марапатталып, алғыс хатқа ие болды.

Нұрислам Сандыбай не болғанын түсінбей қалғанын айтады.

"Бала кенеттен тоқтап, қызды артқы жағынан ұра бастады. Алғашында мұны әзіл деп ойладық және жай қарап отырдық, бірақ қыз отырып жылай бастады. Мен бірден бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім де, артынан жүгіріп барып, баланы ұстай бастадым. Осыдан кейін 10-сыныптағы Алдиар келді, ол балтаны тартып алды. Дәрігерлерді алғашқы көмекке шақыруға асықтым", – деді Нұрислам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети