19 желтоқсан 2018 12:55

Петропавлдағы көрерменсіз "концерт": Видео авторы кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Петропавлда мерекелік "концерт" видеосына қатысты әкімдік өкілдері пікір білдірді. Видео авторы әзілді бейне ролигі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Петропавлда мерекелік "концерт" видеосына қатысты әкімдік өкілдері пікір білдірді. Видео авторы әзілді бейне ролигі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таяуда әлеуметтік желіде видео тарады, онда роликтің авторы Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай өткізілген концертті үш полицей тамашалағанын айтқан.  

Петропавл әкімдігіндегілер видеода концерттің өзі емес, соған дайындық шаралары түсірілгенін айтады.

"Осы видеода шараның жүргізушілері "дайындық қайталауын" жүргізген. Бұл осы салада жиі қолданылатын әдіс. Қысқа ғана видео арқылы негативті хабарлама тарату салдарынан мәдениет үйінің жұмысына қате пікір қалыптастырды, негізінде қала тұрғындары мен қонақтары - осы ұйымның жұмысына бұрыннан оң бағасын беріп келген", - деді әкімдік өкілдері. 

Қала билігінің мәліметінше, Тәуелсіздік күніне орай ашық алаңдарда, мәдениет, білім және спорт мекемлерінде,  Петропавлда 130-дан аса шара өткізілген. 50 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары осы шараларды тамашалаған. 

Кейінірек видео авторы кешірім сұрап, видеоүндеу жасады. Ол видеоны әзіл үшін түсіргенін мәлімдеді. Петропавл тұрғынының айтуынша, ол осы видеоның осыншама шиеленіс тудыратынын ойламаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети