1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Пневмония және коронавирус бойынша жаңа деректер жарияланды25 қазан 2020, 09:22

25 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония және коронавирустан емделіп жатқан науқастар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36895, 393 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28460-қа жетті.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдап жатыр.  Олардың арасында 245 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 120 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 14 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!