Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Полицейлер түйнеме жұқтыратын ет туралы жалған ақпаратты WhatsApp арқылы таратқандарды жазалайды

24 Маусым 2016, 12:58
0
© knorr.ru
© knorr.ru

Көкшетау, Орал тұрғындары мен басқа да облыстың тұрғындарына 23 маусымда кешкі уақытта WhatsApp арқылы қалада адамдардың түйнеме ауруын жұқтырып алғаны туралы аудиохабарлама келіп түскен. Алайда бұл ақпарат расталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көкшетау қалалық ауруханасының бас дәрігері Серік Кәкеновтің айтуынша, мұндай аурумен келген науқастар жоқ. "Жұқтырылған ет туралы білмеймін, бірақ бізде жұқпалы аурумен жатқан науқастар жоқ. Уланумен де ешкім жеткізілген жоқ. Мұндай жағдай болса, біз осылай отырамыз ба? Бұл ақпарат рас болғанда, мәселені көтеретін едік".

Сонымен қатар "Жібек жолы" базарының әкімшілігіндегілер прокураторуға өтініш жазыпты. Олардың айтуынша, бұл бәсекелестердің тіміскілік әрекеттері. Айта кетейік, Ақмола облысының тұтынушыларды қорғау департаментінің баспасөз қызметіндегілер де бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Біздің мал дәрігерлері мен эпидемиологтар базардың әкімшілігі мен жалға алушылармен кездесулер жүргізіп жатыр. Олардың әрқайсысының етті тексеріп, сапа куәлігін беретін зертханалары бар. Олар етті тексерістен өткізбей жібермейді. Біз ведомствоның сайтында тек ресми ақпараттарды жариялаймыз. Сондықтан қолданушыларды сайттағы ақпаратпен танысуын сұраймыз. Ал WhatsApp - ресми емес дереккөз, онда таралған хабарламаларға сенбеу қажет. Ал ет туралы мәселе қазір бақылауда", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің айтуынша, бұл дерек бойынша ресми мәлімдеме жазылып қойды. Сонымен қатар, Ақмола облысы баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук Tengrinews.kz тілшісіне басшылыққа рапорт жазғанын айтты. Кейінірек жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.

Еске салайық, 19-22 маусым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында тоғыз адам түйнеме жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын, олардың екеуі қайтыс болды. Бұл індетті жұқтыруға тиісті талаптармен сойылмаған ауру мал себеп болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай