Полицейлердің жаңа формасы қандай болуы мүмкін?

19 Қаңтар 2017, 16:17
5
Полицейлердің жаңа формасы қандай болуы мүмкін? -

WhatsApp мессенджерінде қазақстандық қолданушылар полицейлердің жаңа жарық шағылыстырушы формасының суреттерін таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушылардың айтуынша, көше қиылыстарында тұратын полицейлердің формасы дәл сол суреттегідей болады. Алайда Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері бұл форманы әзірше тек үлгілердің бірі екенін айтты.

"Жарық шағылыстырушы элементтерімен жасалған желетке мен қолғапты үлгі ретінде жасадық. Қазіргі уақытта сол туралы ІІМ өкілдерімен ақылдасып жатырмыз. Бұл форманы жол-патруль қызметіндегілерге үлгі ретінде көрсетіп отырмыз. Қазір елімізде желеткелерге қатысты қауесет таралып жатыр. Бұл біздің Алматы облысындағылардың нұсқасы, бұл тек үлгі ретінде", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық ІІД ұсынған желеткенің үлгісінің сыртында "Жол-патрульдік полициясы" деген жазу бар, сондай-ақ, онда түнгі уақытта жұмыс істеу үшін жарық шағылыстырушы элементтер бар.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық полицейлердің 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайтыны хабарланған болатын. "Көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, "тоқта" деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрулмен де тоқтатады", - деген еді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай