22 желтоқсан 2020 15:04

"Полиция формасын киіп билеген". Алматыда TikTok-блогер жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда полиция формасын киіп билеген TikTok-блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полиция формасын киіп билеген TikTok-блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің ісі қаладағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.

Судья блогерді арнайы киімді заңсыз кигені үшін кінәлі деп тапты.

"Нұрбек Нұртазды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалып, арнайы формасы тәркіленсін", - делінген сот үкімінде.

Еске салайық, блогердің видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Видеодан полиция қызметкерінің формасын киген жігіттің көшеде өтіп бара жатқан адамдарға онымен бірге TikTok-та би билеуге шақырғанын көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети