Полиция Таразда сауда орталығында болған өрттің видеосын зерттеп жатыр

09 Қаңтар 2017, 12:26
0
Полиция Таразда сауда орталығында болған өрттің видеосын зерттеп жатыр - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Полицейлер Тараздағы сауда орталығында болған өртті зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қаңтарда сағат 04.36-да 102 пультіне Тараз қалалық ІІБ-не "Мыңбұлақ" сауда орталығындағы өрт жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл дерек Тараз қалалық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 3-бөлігі бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

"Шамамен сағат 03.47-де белгісіз біреулердің "Мыңбұлақ" сауда орталығындағы адамдардың мүлігін бүлдіргені анықталды. Видеожазбаға қарағанда, сағат 03.47-де белгісіз екі адам дүкеннің терезесін сындырып, онда жанатын қоспа лақтырып кеткен", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Полициядағылар күдіктілердің жасы шамамен 20-25-те екенін айтып өтті. "Сауда орталығының директоры өрт кезінде үйде болғанын айтты. Орталықтың қожайыны ешкімнен күдіктеніп отырған жоқ және басқа да сауда орталығының директорларымен араз болмағанын айтты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полицейлер сауда орталығында өртке қарсы құрылғылардың болмағанын айтты. Олардың айтуынша, сауда орталығына келтірілген шығын шамамен - 58 миллион теңге.

Бұл қылмыстық істі әрі қарай тергеумен Тараз қалалық ІІБ қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы айналысады. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таразда болған төтенше жағдайдан сауда орталығындағы 18 дүкеннің өртеніп кеткені хабарланған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай