Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Прайм-Плаза" директорына 1,8 миллион теңге айыппұл салынды

17 Наурыз 2014, 19:42
0
«Прайм-Плаза» сауда үйінің директоры Ақан Нұрсейітов. ©tengrinews.kz
«Прайм-Плаза» сауда үйінің директоры Ақан Нұрсейітов. ©tengrinews.kz
"Прайм-Плаза" сауда үйінің директоры Ақан Нұрсейітовке 1,8 миллион теңге айыппұл салуға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Tengrinews.kz сайты, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.

Нұрсейітов "Міндеттеріне адал қарамау" (ҚР ҚК 232-бабы бойынша) туралы бапты мойындаған және 100 АЕК (1 852 000 теңге) айыппұл салу үкімі шығарылған. Бірақ, "Прайм-Плаза" сауда үйінің директоры Ақан Нұрсейітовтің үкімі шығатын сот отырысына әнші Қайрат Нұртас пен ивент-менеджер Аэлита Хабибуллина қатысқан жоқ. Судья олардың сотқа келмегеніне қарамастан шешім шығарды.

Бұдан бұрын Қайрат Нұртастың қатысуымен "Прайм-Плаза" сауда үйінде өткен концертте бұзақылық жасағандарға Әуезов аудандық соты үкім шығарып, 7 белсендіні екі жылға дейін бас бостандығынан айырған еді. Осы мамандандырылған аудандық сот "Прайм-Плаза" сауда үйіндегі бұзақылыққа қатысқан 1996 жылы туған, кәмелеттік жасқа толмаған Данияр Тасболтаевты 5 жылға соттап, кінәсін жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім еткен болатын. Ол "Бұзақылық", "Тонау", "Қарақшылық" баптары бойынша айыпталды. Осы "Тонау" туралы бап бойынша сотта 1996 жылы туған Арысланбек Тасқынбайдың да ісі қаралған-ды. Ол да 5 жылға бас бостандығынан айрылып, оның бір жылын шартты мерзімде өтейтін болды. Сондай-ақ, "Прайм-Плаза" сауда үйіндегі бұзақылыққа қатысқан 1995 жылы туған Азизбек Жолдасовқа 6 жылын жалпы режимдегі колонияда өткізуге үкім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бұзақылық қазақстандық белгілілі әнші Қайрат Нұртас ән айтып жатқанда орын алған еді. Қалың көпшілік аталмыш сауық кештің шырқының бұзылғанына наразылық білдірген. Бұл жайында әншінің өзі ұйымдастырушылардың қолқалауымен әнін тоқтатуға мәжбүр болғанын айтқан еді. Осының салдарынан көрермендер тарапы сахнаға қарай лап қойып, бөтелке, тас лақтырып, тәртіпсіз әрекеттерге барған болатын. "Прайм-Плаза" сауда үйінің өкілдері бұзақылық салдарынан сауда орнына келген шығынды 28 миллион теңге деп бағалады. Ал, тексеру жүргізу кезінде басқа бір сарапшылар шығын көлемі шамамен оншақты миллион көлемінде деп бағалаған болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай