30 мамыр 2023 13:58

Премьер-министр Смайылов қазақстандық әуекомпанияларды сынға алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Смайылов қазақстандық әуекомпанияларды сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Смайылов қазақстандық әуекомпанияларды сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Премьер-министр тұрғындардың отандық әуекомпанияларына қатысты орынды сын айтып жатқанын атап өтті.

"Осы жылдың қаңтар-ақпанында Fly Arystan компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындаған жоқ. 25 ақпанда дәл осы әуекомпанияның жолаушылары "Астана-Шымкент" рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, әуекомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды.

Үкімет басшысы әуе билеттерінің баға саясаты туралы да айтты.

"Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда екі есе қымбат болуы мүмкін. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, әуекомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды.

Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда, ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр. Сондықтан, баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеу керек. Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс", - деді Смайылов.

Премьер-министр баға белгілеуге деген көзқарасты қайта қарау, әуе тасымалы қызметі мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

"Жолаушылар мүддесіне басты басымдық болуы керек", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети