09 мамыр 2022 15:20

Президент әкімшілігі Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, "Халық Қаһарманы" Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Нұр-Сұлтанда Рахымжан Қошқарбаевтың ескерткіші 2016 жылы ашылды.

11 метрлік ескерткіш Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Ол салмағы 60 тонналық тұғыр мен салмағы 3 тонналық халық батырының қола мүсінінен тұрады. Мүсіндік композицияның биіктігі 6 метр, ал гранит тұғыры 4,5 метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети