Президент Елбасы туралы: Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері мен қадір-қасиетін бірінші орынға қоюға, ал ықтимал есептерді елдің болашақ басшыларына қалдыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері мен қадір-қасиетін бірінші орынға қоюға, ал ықтимал есептерді елдің болашақ басшыларына қалдыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Тоқаев кемшіліктердің Америка президентіне де, қытай басшыларына да, тіпті сингапурлық көшбасшы Ли Куан Юға да тән екенін атап өтті.

"Сингапурдың да, АҚШ-тың да, Қытайдың да халқы мен билеуші топтары өз басшыларының қадір-қасиетін кемшіліктерден жоғары қояды. Өйткені бұрыннан белгілі: жұмыс істемейтін адам қателеспейді.

Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қояйық, ал есептерді еліміздің болашақ басшыларына қалдырайық", - деді ол.

Ол Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпауға шақырды.

"Ақыр соңында жан-жақты және шыншыл болу керек. Өткенін ұмытқан халықтың болашағы жоқ", - деді Президент.

Айта кетейік, қазір Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Сондай-ақ, съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиал өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылған.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады:

  1. Партия төрағасын сайлау туралы;
  2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer