Президент ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

12 Қазан, 13:58
0
Президент ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының екі дүркін батыры Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Алексей Архипович өз ісінің нағыз шебері, әлемдік космонавтикада аты аңызға айналған тұлға еді. Ол Байқоңыр айлағынан ұшып, адамзат тарихында тұңғыш ашық ғарышқа шықты. Батыр Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, бұған дейін өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасады", – делінген жеделхатта.    

Еске салсақ, Кеңес ғарышкері Алексей Леонов 11 қазанда 85 жасында қайтыс болды

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай