11 қаңтар 2022 12:19

Президент инфляция мен теңге бағамы бойынша тапсырмалар берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция мен теңге бағамы бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция мен теңге бағамы бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етпейінше тұрақты экономикалық нарық болуы мүмкін емес. Тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдай аясында ұлттық валютаға алыпсатарлық қысымның елеулі нарықтары пайда болды. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ішкі және сыртқы нарық қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенім толық қалпына келгенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжілістің отырысы.

Президент ұзақ жылдар бойы жоғары инфляция экономикамыздағы негізгі проблема болып қалып отырғанын айтты.

"Бұл экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын, баға мен инфляция мәселесін тұрақтандыру уақыты келді. Инфляцияны төмендету бойынша жүйелі жұмыс қажет. 2025 жылға қарай шекті дәліз - 3-4 пайыз. Үкімет, ҰБ және ҰКП инфляцияны бақылау бойынша шаралар кешенін әзірлеуі керек", - деп қосты Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети