15 қаңтар 2015 20:20

Президент Қазақстандағы бірқатар нысанның құрылысын тоқтатуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ақорда баспасөз қызметі ©Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қазақстандағы бірқатар нысанның құрылысын тоқтатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Бүгін Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, оның барысында барысында өңірлік және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды.


Президент Қазақстандағы бірқатар нысанның құрылысын тоқтатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Бүгін Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, оның барысында барысында өңірлік және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соңында Үкіметке оқиғаның түрліше нұсқада өрбуінің сценарийлерін әзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканың өсім қарқынын төмендетпеу және негізгі әлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды.

"Бюджеттің күрт қысқаруы себепті Үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нәрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тәуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп және сонша аурухана салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң жалғастырылатын болады", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары екеніне тоқталды. "Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети