25 наурыз 2022 11:56

Президент қызметі туралы үш томдық жинақ жарық көрді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған жинақта Мемлекет басшысының ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған. Сонымен қатар кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдаулары енген.

"Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты көрермендерге ұсынып отыр. Сондай-ақ жинақта Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттер берілді. Кітапта жарияланған материалдарды қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат деп санаймыз", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети