Президент Ла-Маншты жүзіп өткен спортшыны құттықтады

27 Тамыз, 14:56
2
Президент Ла-Маншты жүзіп өткен спортшыны құттықтады -

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшы Әнел Сытдықованы құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

 "Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!", - деп жазды Тоқаев. 

Орал қаласының тумасы Әнел Сытдыкова қашықтығы 38 шақырым болатын Ла-Манш бұғазын 15 сағат ішінде гидрокостюмсіз жүзіп өтті. Өз мақсатына жеткеннен кейін 40 жастағы спортшы Францияда Қазақстан туын көтерді.

Сытдыковадан басқа, қазақстандық триатлоншылар - Эльфира Дудник,Елена Кун, Мадина Құрманбаева. Олардың барлығы Enduroman Arch to Arc экстремалды ультратриатлонды сәтті аяқтады.

Almaty Triathlon Federation мәліметтері бойынша, қыздар Лондондағы мәрмәр аркасынан Париждегі Триумфалды аркаға дейін 480 шақырым қашықтықты бағындырды.

Олар Лондоннан Луврға дейін 140 шақырым жүгірді, Ла-Манш (ағылшын каналы) жүзіп, Парижге дейін 290 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Команданың жалпы уақыты 56 сағат 11 минут болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай