29 наурыз 2022 09:45

Президент өкілеттігіне байланысты қандай өзгерістер болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметте Президент өкілеттігіне байланысты қандай өзгерістер болатыны айтылды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауынан кейін әзірленген жоба аясында он бағыт бойынша 36 іс-шара жүзеге асырылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкіметте Президент өкілеттігіне байланысты қандай өзгерістер болатыны айтылды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауынан кейін әзірленген жоба аясында он бағыт бойынша 36 іс-шара жүзеге асырылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент өкілеттігінің шамадан тыс шоғырлануынан бас тарту мақсатында заңнамаға мынадай түзетулер енгізілетін болды: 

  • Мемлекет басшысы президенттік өкiлеттiктердi атқару мерзiмiнде саяси партияға мүшелiгiн тоқтату;
  • Президенттiң жақын туыстарының мемлекеттiк саяси кызметшiлер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салу;
  • Мемлекет басшысының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жою немесе оларды тоқтата тұру жөнiндегi құзыретiн алып тастау;
  • Президенттің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн лауазымынан босату құқығын жою.

Партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол бермеу үшін заңнамаға Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетiнiң, Конституциялық кеңестiң төрағалары мен мүшелерiнiң мiндеттi түрде партиядан шығуы туралы ереженi енгізу қарастырылады.

Сондай-ақ, әкiмдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар атқаруына тыйым салынады. 

Еске салайық, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Жолдаудың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети